Главное

«Ойнайтын алаң жасап беріңізші»: Маңғыстауда әкімге өтініш айтқан бала желі жұлдызына айналды

Маңғыстау облысы, Ақшұқыр ауылында әкіммен кездесу кезінде ерекше оқиға болды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкім Еркебұлан Қуатұлы балаларды қорғау күні мерекесіне орай жастармен жолығып, еркін тақырыпта кездесу өткізген.

Ауылдың кішкентай тұрғыны әкімге өтінішін жолдады.

“Балаларға арналған ойын алаңын салып беріңізші. Есбосынов көшесінде тұрамын”, – деді бүлдіршін.

Әкім де лезде “Жақсы” деп жауап қайтарып, уәдесін берді. Алдағы уақытта балалар ойнайтын алаңдар мен парк салатынын мәлімдеді.

Желі қолданушылары баланың батылдығын қызу талқылап жатыр.

“Тоқаевқа да осы баланы жіберу керек”, “Жаным, өзім жасап бергім келіп кетті ғой!», «Бала тілі – бал деген осы шығар», «Мына бала өзі болашақ әкім болатын бала екен», “Мәселені жігіттерше шешіп кетті”– деп жазды көпшілік.

Другие новости

Back to top button