
Елбасы мен Дариға Назарбаева сайлауға қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты,деп хабарлайды BAQ.KZ .
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туған қызы, бұрынғы мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева сайлауға қатыса алатынын айтты.
«Әрине, ол (Дариға Назарбаева Президент сайлауына – автор) қатысуы мүмкін. Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуы ықтимал. Президенттікке үміткерге қойылатын талаптарға сай келетін кез келген адам өз кандидатурасын ұсына алады», — деді Шавкат Өтемісов.
Биыл күзде Қазақстанда президент сайлауы өтеді.