Нұрқанаттың да ажалына осылар себеп болды – Шерзаттың әжесі сотта жауап беріп жатыр

Талдықорғанда өтіп жатқан сот процесі барысында жәбірленушілердің ішінде бірінші болып Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадырова жауап беруге шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Судья Ержан Жанұзақов жәбірленуші Ахмет Махметтің сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезіндегі жауабын жариялау керек пе деген мәселені көтерді. Прокурор қарсы болды. Ахмет Махметтің өзі Қытайда колледжде оқиды. Сотқа келуден бас тартқан. Тек тергеу кезіндегі жауабын сотқа оқи беруін өтінген. Бұл туралы Ахмет Махметтің өкілі сотта адвокат Бұрманов оқыды. Судья Махметтің тергеу кезіндегі айғағын сотта оқу жөнінде қаулы шығарды. Айғақ кейін оқылады.
Келесі болып сотта Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадырова жауап беруге шықты. Жұмабике Қадырова сот кезінде сотталушылардың бірде-бірін бұрын танымағанын айтты.
«2024 жылы 4 қазанда сағат 23.00 кезінде жұмыстан келген едім. Шай ішіп отырған кезде келінім қоңырау шалды. Сөйтсек, қоңырау Қаржаубайдан екен. «Шерзат біреуді ұрды, келсін» деді. Қаржаубай Нұрқанатты жіберуді өтінді. Мен оятып айттым. Жүрегім тыныш болмады. Келініме тездетіп жүгіріп барайық дедік. Такси тоқтатам дегенше 20 минуттай өтті ғой деймін. Таксимен дүкенге бардық. Барсақ, екі жерде балалар топтасып тұр екен. Таксиден түсіп жан-жақтан Қаржаубайды да, Нұрқанатты да емес, Шерзатты іздедім. Ол көрінбеді. Ол жерге барған себебім – балалар жинала ма деп ойлаған жоқпын. Біреуді ұрса, барып кешірім сұрайын дедім. Балам біреуге қол көтереті бала емес еді. Боксқа қатысса да, біреудің жағасына жармаспайтын. Біреулер пышақпен, мылтықпен келетінін білсем, үйімде-ақ полиция мен жедел жәрдем шақыратын едім», — дейді әжесі.
Жұмабике Қадырованың айтуынша, Жұмабике Қадырованың айтуынша, жолды кесіп өткен бойда балалардың алдынан шыққан. Абзал Шынасыл әжені итеріп қалған кезде Жұмабие Қадырова құлап, телефоны ұшып кеткен.
«Нұрқанаттың да ажалына осылар себеп болды. Беттестіру кезінде Нұрқанат маған келіп «мама, олар құмырсқаны басып кеткен адам сияқты көріп отырған жоқ, Нұрқияс “олай болса уақыт көрсетеді” деді – деген кезде судья сөзді бөліп, оқиғаға көшуді өтінді.
«Бәрін басынан бастап еске түсіру де, өлтірген балалардың түрін көру де, қорғашулыраын да көру оңай емес. Осы жерге келгенде қол-аяғым қалтырап кетеді, – деді Жұмабике Қадырова.
Жұмабике Қадырованың сөзінше, ол жерде болғандардың саны 15 адам болған. Олардың бәрі қылмыстан кейін көлікке сығылысып отыр кетіп қалған.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.
Ulysmedia.kz тілшісінен көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті!