ГлавноеГосорганы

Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы болды

Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі болған Ермекбаев бұл қызметті 2025-2027 жылдары атқарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ермекбаев 1963 жылы Шымкент қаласында туған.

Білімі: 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл ту институтын қытай және ағылшын тілдерін меңгерген офицер мамандығы бойынша үздік бітірген.

1996 жылы Қазақ сәулет және құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Түрлі жылдары коммерциялық кәсіпорындарда, Сыртқы істер министрлігі құрылымында, ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет еткен.

Нұрлан Ермекбаев ҚР Президентінің Кеңесшісі — ҚР Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2006–2007 жж.),

сыртқы істер министрінің орынбасары (2007–2010),

ҚР Президентінің көмекшісі (2010–2012 жж.),

ҚР Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі,

Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Корея Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы (2012–2014),

ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (2014–2016),

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі (2016 ж.– 2018 ж. сәуірге дейін).

2018 жылғы сәуірден бастап 2018 ж. тамызға дейін ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымын атқарды.

2018-2021 жылдары ҚР Қорғаныс министрі.

2019 жылдың наурыз айынша Мемлекет басшысының жарлығымен генерал-майор әскери атағы берілді.

Другие новости

Back to top button