Нур-Султан

Нұр-Сұлтанда әкімдік жанындағы ғимараттан секірмек болған әйел құтқарылды

Құтқарылған әйелге психологиялық көмек берілді

Нұр-Сұлтанда әкімдік жанындағы ғимараттан секірмек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елордада полицей Бейбітшілік көшесіндегі бұрынғы орталық әмбебап дүкеннің шатырына шығып, секірмек болған әйелді құтқарды.

«1- тамыз күні сағат 15:02-де «102» каналына Бейбітшілік көшесінде орналасқан ғимаратқа шығып алған әйелдің секірмек екені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына бірден жедел қызмет мамандары жіберілді», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Құтқарылған әйелге психологиялық көмек көрсетілді.

 

Другие новости

Back to top button