Госорганы

Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгерту мәселесі ертең елорда мәслихатында қаралады

Ертең елорда мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертуге қатысты мәселе қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселе енгізіледі:

  1. Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы», — делінген қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов қол қойған құжатта.

Еске салайық, Мәжіліс депутаттарының Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтару туралы ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілген болатын.

Другие новости

Back to top button