Социум

Nissan Ресейдегі зауытын 1 еуроға сатып жатыр

Бұл туралы Nissan компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді

Жапониялық автоөндіруші Ресей нарығынан біржола кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Санкт-Петербордағы Nissan зауыты наурыз айынан бері жұмысын тоқтатқан.   Жапониялық компанияның басшылығы Санкт-Петербордағы зауыт пен Мәскеудегі бас кеңсені сататын болды.

Ресейдің орталық ғылыми-зерттеу автомобиль және автомоторлық ғылыми-зерттеу институты аталған зауытты сатып алмақ. Reuters агенттігінің мәліметінше зауыт 1 еуроға бағаланған.

Nissan 100 миллиард иен (686 455 000 доллар) шығынға батқанымен Ресей нарығынан түбегейлі кететінін мәлімдеді.

 

Другие новости

Back to top button