Культура
«Не деген ауыр хабар еді»: Бағлан Әбдірайымовтың әкесі өмірден өтті
“Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымовтың әкесі дүние салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңалықты өнер иесінің өзі айтты.
“Ардақты ағайын!
Асқартау әкем Раббысына қайтты. Не деген ауыр хабар еді… Қандай жақсы адам едің … “Шын мәнінде, біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз…”
(“Бақара” сүресі, 156-аят)”, – деп жазды әнші.
Әншінің тыңдарманы мен өнердегі әріптестері көңіл айтып, марқұмның жанұясына сабыр тілеп жатыр.