Культура
Наурызбай Өтпенов Қазақстанның Бас мүфтиі лауазымына қайта сайланды
Бүгін Астанада өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында 300-ге жуық делегат Наурызбай қажы Тағанұлын еліміздің Бас мүфтиі етіп қайта сайлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Мүфтияттың баспасөз қызметі хабарлады. Қайта сайланған Бас мүфти келесі жылы Қазақстанның діни басқармасы 35 жылдығын атап өтеді деп мәлім етті.
Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы бірінші рет Бас мүфти лауазымына 2020 жылдың 7 ақпанында сайланған болатын.