ГлавноеГосорганы

Наурыз мерекесі: қазақстандықтар қанша күн демалады

Биыл қазақстандықтар Наурыз мерекесінде бес күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ресми мереке күндері — 21, 22 және 23 наурыз. Бірақ оларға демалыс, сенбі және жексенбі де қосылды. Нәтижесінде қазақстандықтар былай демалады:

бес күндік жұмыс аптасында – бес күн: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі). Сенбіден демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады;

алты күндік жұмыс аптасында – төрт күн: 21, 22, 23 және 24 наурыз (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).

Бұған дейін Қазақстанда Наурыз 2024 жылдан бастап жаңаша тойланатыны хабарланған болатын.

Другие новости

Back to top button