Выбор редакцииКультура

Нәпсімді тыя алмай жүрмін. Жолдыбаева неліктен хиджабын қайта шешкенін айтты

Біресе ашық-шашық, енді бірде оранып алатын Жолдыбаевалардың кішісі Алтынай неліктен хиджабын шешіп тастағанын түсіндірді, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Ол хиджаб киюуге әлі дайын еместігін айтқан.

Хиджабты күнделікті тіршілікте киіп үйренбедім. Парақшамдағы суреттер Меккеде түсірілген. Ол жақта тәртіп сондай. Міндетті түрде жабық болу керек. Жалпы тарихқа терең үңілсек, әйел адамның орамал тағып, жабық киінгені міндет,

-дейді Алтынай Жолдыбаева.

Алтынай Жолдыбаева
Жолдыбаева неліктен хиджабын қайта шешкенін айтты

Ол аз уақыттың ішінде тұмшаланып жүргенге бойы үйренгенін де айтқан. Мұны өзінің кішігірім жеңісі санайтынын жеткізген. Енді бәрі өз уақытымен бола жатады деп отыр.

Сонымен қатар «кейбір видеоларын желіден неліктен өшіргені» туралы сұрағандар бар.

Шынымды айтсам, кейде нәпсімді тыя алмадым. Бұл жағынан өзіммен жұмыс істеймін. . «Ағзубиллях» менің әлсіз тұстарымды біледі. Мені немен азғыру керектігін біледі. Кейбір дүниелерді жария еткен ақымақ әрекеттерім үшін басыма неше түрлі ойлар келеді,

-дейді әнші.

Другие новости

Back to top button