Социум
Нағашы атасы немересінің бір жасар тойына су жаңа көлік сыйлады

Желіде қазақ тойларының бірінде атасы бір жасар немересіне жаңа көлік сыйлаған видео талқыланып жатыр, деп хабарлайды NewTimes.kz .
Кадрларда көлік дәл залдың ортасына кіріп келеді. Бейнебаянның сипаттамасына қарағанда, бұл атаның немересіне берген сыйы екен.
Қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді.
«Мейрамханаға тоқтамай-ақ көлік кілтін тапсыруға болатын», «Дұрыс емес, жастарды бұзады», «Мүмкіндік болса, неге болмайды? Ертеде аталар немерелеріне жылқы берсе, қазір темір тұлпар. Онда не бар? Жарайсыңдар», «Бәрекелді», — деп жазған.
В статье: