Главное
Мұнайлыда тастанды шақалақ далада жатқан жерінен табылды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында жер үйдің терезесінің алдына жаңа туған сәбиді тастап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Баланы 5 мамыр күні таңғы сағат 09:30 шамасында тұрғындардың бірі байқап қалып, полицияға хабар берген.
Маңғыстау облысының полиция департаменді деректі растап, баланың анасын іздеп жатқанын мәлімдеді.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасын анықтау бойынша жедел — іздестіру іс-шаралары жүргізілуде»,- деді тиісті органның баспасөз қызметі.
Нәресте тірі, қазір перзентханада жатыр. Оның денсаулық жағдайы туралы әзірге ақпарат жарияланбады.