ГлавноеГосорганы

Мұхтар Ербаян пневмония мен гаймориттің кесірінен осындай күйге душар болды – Ұлттық ұлан

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов жағдайы мүшкіл жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты ақпарат айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мұхтар Ербаянға қатысты айтсам. Ол Ұлттық ұлан қатарында қызметін атқару кезінде түнгі сағат 02:00-де ұйықысынан тұрып, жығылып қалып, жарақат алған. Жарақат алғаннан кейінгі қазіргі ахуалы құлағанның салдары емес. Солдат емделу кезінде инфекциялық ауруға душар болған. Өкінішке қарай, емделу кезінде оның өкпесін пневмония басқан, қосымша ірің аққан гайморит жұқтырған. Дәрігерлер кеңесе отырып оған ота жасаған соң осындай жағдайға душар болып отыр», — деді ол.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында әскери қызметші Ербаян Мұхтар комаға түскен болатын. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда туыстары бұл нұсқаны қабылдамады. Ербаян бас сүйек-ми жарақатын алған, ол Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің ұлттық гвардиясында қызмет еткен.

Другие новости

Back to top button