Денсаулық

Мүгедектікті сырттай куәландыру көрсеткішті көбейітті

Былтыр аутизммен ауыратын 8 баланың қайта және бірінші мәрте мүгедектігін куәландырған болса, биылғы көрсеткіш 90-нан асып кетті. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің №6 медициналық-әлеуметтік сараптама мамандандырылған бөлімінің басшысы Шолпан Ахынова мәлімдеді.

Науқас баланың ата-аналары немесе қамқоршысы бұрынғыдай медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне барып әуре-сарсаң болмайды. Сырттай куәландыру арқылы мүгедектік тұңғыш мәрте аутизм диагнозы анықталған 8 балаға мүгедектік тағайындалған. Шолпан Ахынованың айтуынша бұл пилоттық жоба былтыр желтоқсан айында іске қосылды.

-Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізуді сырттай куәландыру аутист балалардың денсаулығы , мінез- құлқындағы ерекшеліктерін ескерсек өте тиімді жоба. Мүгедектік анықтауға түскен өтініштер автоматты түрде жүйеге енгізіледі. Үш өңірдің сарапшылары қашықтан отырып мүгедек тобын беру туралы шешімді қабылдайды. Ата -аналар бұрынғыдай мекемелерге баласын алып келмейді, — дейді бөлім басшысы.

Елімізде қазіргі уақытта 12 нозология( аурулар) бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізуге рұқсат берілген. Алматы қаласында былтыр желтоқсан айында іске қосылған пилоттық жоба тұрғындардың да көңілінен шыққан.
Дегенмен мүгедектікті куәландыруға өтініш беруші тұрғылықты мекен- жәйі бойынша тіркелген емханадан қажетті медициналық тексеруден өтіп, медициналық- әлеуметтік сараптама бөлімдеріне оның қорытындысын жолдайды. Сарапшылар медициналық ұйымдардың құжаттарына сүйеніп, сырттай мүгедектікті куәландырады.
Шолпан Ахынованың айтуынша аутизмге шалдыққан 93 баланың мүгедектігін куәландыру бұрын -соңды болмаған көрсеткіш.

— Сапалы медициналық көмек іздеп, Алматыға немесе ірі қалаларға ата-аналардың қоныс аударуы жиіледі. Мұның себебі , осы дертті емдейтін және басқа да психологиялық дамуға бейімдейтін орталықтар шалғайдағы елді- мекендерде жоқ. Соңғы кездері басқа өңірлерден көшіп келгендердің мүгедектікті анықтауға өтініш білдірушілердің саны артты, — деп сөзін түйіндеді бөлім басшысы.

Аутизм дерті анықталған балалардың барлығына мүгедектік рәсімделеді. Өкінішке қарай аутизмнің құрығы ұзарып барады. Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының мәліметінше алып шаһарда осы кеселге шалдыққан 641 бала D есепте тұр екен.
Аутизм – әлі толық зерттелмеген кесел. Баланың психикалық бұзылыс, қарым-қатынас, сөйлеу қабілетінің тежелуі, ақыл кемістігін анықтау, диагнозын дөп басып қоюға байланысты мәселелер қазіргі таңда өзекті дейді мамандар.

Другие новости

Back to top button