Атырауская область

Мойнына пышақ қадаған: атыраулық әйелдің жағдайы ауыр

Атырауда жұмыс орнында сырттағы дәретханаға шыққан сәтте әйелді бұрынғы күйеуі бірнеше жерден пышақтап кеткен. Әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адамнан зәбір көрген әйел 9 маусымда ауруханаға түскенін хабарлады.

«Облыстық ауруханаға жеткзілген кезде науқастың мойыны мен иығында жарақаты болды. Қазір науқас аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Оның жағдайы тұрақты, бірақ, ауыр. Бір жақ қолы мен аяғында әлсіздік бар. Бірақ, дәрігерлердің пікірінше, науқасқа операция қажет емес. Ауруханада тұрақты емін жалғастырады. Дәрігерлер науқастың жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске салайық, Атырау полициясы азаматтық некедегі әйелін өлтіруге оқталған ер адамды іздеп жатқанын жазған едік. Оның әйелді өлтіруге оқталған сәті видеокамераға түсіп қалған.

Другие новости

Back to top button