Социум

Мизам шуақ: алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жылы болады

“Қазгидромет РМК” алдағы үш күнде еліміздегі ауа райы қандай болатынына болжам жасады.

«22-24 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы сақталады. Тек республиканың батыс өңірлері мен оңтүстік-шығысындағы тау бөктеріндегі аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейед», — деп болжайды синоптиктер.

Түнгі уақытта ауа температурасы әлі де салқын болғанымен, термометр бағандары күндізгі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 20-34 градус шегінде сақталады.

Еліміздің батысында ғана ауа температурасы аздап төмендейді.

Другие новости

Back to top button