Главное

Министрлер өз үйлерін жалға беріп, қосымша табыс таппақ — заң бірінші оқылымда мақұлданды

Қазақстанда үкімет мүшелері өз пәтерлерін жалға беру арқылы табыс табуы мүмкін. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Мәжіліс мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Кулуарда журналистер Антикор басшысының орынбасарынан «заң қабылданса, барлық дәрежедегі шенеунікке баспанасын жалға беруге рұқсат етіле ме?» деп сұрады.

«Әзірге жалға бере алмайды. Бұл бірінші оқылым ғана ғой. Бірақ заң жобасында мұндай норма бар. Мен бұдан ештеңе көріп тұрғаным жоқ», — деп қысқа қайырды Сарқұлов.

«Яғни, үкімет мүшелері, министрлер үйлерін жалға бере алады ғой?», — деп нақтылады журналист.

«Үкімет мүшелері иә», — деп жауап берді ол.

Другие новости

Back to top button