Госорганы

Министр Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізілетінін айтты

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енеді

ҚР Парламенті Мәжілісінен кейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізілуі мүмкін деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ерұлан Жамаубаев 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енетінін айтты.

«Сол Кодексте қарастырамыз. Нұсқаулық әзірлеу керек. Оны 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтап, содан соң Мәжіліске жібереміз. Заң 2023 жылы қабылданып, 2024 жыл басталғанға дейін күшіне енеді деп сенеміз», — деді Қаржы министрлігінің басшысы.

Еске салайық, Президент Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында орта тапқа әсер етпейтін сән-салтанат салығын енгізу қажеттігін айтқан болатын.

Другие новости

Back to top button