Госорганы

Министр пойыз билетін арзандату жөнінде: Ол мәселені талқылаған жоқпыз

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев пойыз және автобус билеттерінің бағасын арзандатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Жазда ата-аналар балаларымен бірге сапарлап қыдыруы үшін автобустар мен пойыздардағы билет бағасын арзандатуды жоспарлап отырсыздар ма?», — деп сұрады БАҚ өкілі.

Министр бұл мәселені талқылауға дайын екенін айтып, қысқа жауап қатты.

«Ондай мәселені талқылаған жоқпыз. Талқылап жатсақ, қосымша айтып беремін», — деді Марат Қарабаев.

Другие новости

Back to top button