ГлавноеГосорганы

Министр 255 елдімекенге су тасқыны қаупі төніп тұрғанын айтты

Онда 700 мыңнан астам адам тұрады

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қай өңірлерде су тасқыны қаупі сақталатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министр атағандай, бүгінде бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында тұр.

«Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, оның қату тереңдігін талдап, қар астында мұз қабығының болуын ескереміз. Осылайша, су тасқыны қаупі бар аймақтар қауіп дәрежесіне қарай бөлінеді. Қауіп жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары жатады. Қауіп орташа өңірлерге Ұлытау және Павлодар облыстары енгізілді», — деді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, бүгінде 255 елдімекенге су басу қаупі төніп тұр.

«Мұнда 127 мыңнан аса үй бар әрі 700 мыңнан аса адам тұрады. Былтырғы су тасқынының өтуін талдап, су басудың негізгі себептері өзен арналарының толып кетуі мен шөгуі, дренаж-арық жүйелерінің болмауы, су қорғау белдеулерінде үй салу екенін көрсетті», — деді Ильин.

Фейсбук парақшамызға кіріп, пікір қалдырыңыз, сынаңыз, ұсыныңыз

Біздің телеграм каналымызға жазылыңыз және жаңалықтарды қадағалаңыз

Другие новости

Back to top button