ГлавноеЖамбылская область
Меркідегі жер сілкінісінің қорқынышты видеолары тарап жатыр

Бүгін түнде Жамбыл облысындағы бірнеше ауданда жер сілкінген болатын. Әкімдіктің ресми ақпаратына сүйенсек, кейбір нысандардың ғимараттары шытынаған. Ал, әлеуметтік желіде жер сілкінісі кезіндегі қорқынышты кадрлар тарап жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, Жамбыл облысының әкімдігі алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарық пайда болғанын анықтаған еді.
Ал, әлеуметтік желідегі халық үйінің төбесі құлап, люстралары қозғалғанын, есігінің алдындағы бейнекамера жер сілкінісі кезінде қатты теңселгенін көрсетіп, видео таратып жатыр.