Нур-Султан

Мереке күндері ақылы автотұрақтар тегін болады

Сенбі, 22 қазанда ақылы автотұрақ әдеттегідей жұмыс істейді

Республика күніне орай елордадағы барлық автотұрақ үш күн бойы тегін болады. Бұл туралы Астанадағы ақылы автотұрақтар операторының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ақылы тұрақ жұмыс күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді, ал демалыс және мереке күндері оларды тегін пайдалануға болады.

Сенбі, 22 қазанда ақылы автотұрақ әдеттегідей жұмыс істейді, өйткені бұл жұмыс күні болып саналады. Төлем бұрынғыдай сағатына 100 теңге болады», — делінген оператор хабарламасында.

Осылайша, Республика күніне орай – 23, 24, 25 қазанда автотұрақтар тегін болады.

Другие новости

Back to top button