«Менің нөмерімді қыздарға бермеңдерші»: Сәкен Майғазиев алғаш рет Мейрамбек Бесбаевпен танысқан сәтін есіне алды
“Музарт” тобының әншісі, Сәкен Майғазиев өнердегі әріптесі Мейрамбек Бесбаевпен танысқан кезін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Алматыға алғаш келгенін де айтып берді.
“Біз бозбала болып, мұрт шығып бастаған кезде, қыздарға енді хат жазып жүргенде оның бір сұхбатын оқып едім. «Өтініш, редакция, менің үй телефонымды, адресімді, мекенжайымды қыздарға бермеңіздерші» депті сұхбатында. Сол кезде мен таңғалған едім, “қыздардан қашатын бұл не деген жігіт?!” деп. Сөйтіп Алматыға алғаш келгенде «осы қалада Мейрамбек Бесбаев та тұрады ғой» деген керемет бір ассоциация қалып қойды», – деді Сәкен Майғазиев.
Еске салайық, «Музарт» тобының концертінде оқыс жағдай болғанын жазған едік. Оқиға Қарағанды қаласында болды.
“Концерттің ортасында бас гитарист Ерлан Құлахметтің қан қысымы көтеріліп, ауырып қалды. Бір минуттай абдырап, түсінбей қалдық. Гитара аспабының сүймелдеуінсіз бір ән шырқадық. Көп ұзамай қалпына келіп, сахнаға шыққанда “шүкір” дедік. Көрерменнің көңілі түспесін деп түсіндіріп жатқанымыз ғой. Ауырмаңыздар. Ерланға көз тиген сияқты. “Қай жігіт десе, Мейрамбектен кейінгі сұлу жігіт” деп халық сұрайтын”, – деп әзілдеді Сәкен Майғазиев.