Социум

Менікі ой айту емес, ояту- Нұркен Асанов

Міржақып Дулатұлы ұлтқа деген адалдықтың үлгісін көрсетіп, халқына оян деді! Араға ғасыр салып Нұркен Асанов ой айтуды емес, елін оятуды көздеді. Бұл туралы «Ракурс» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

«Біз әдетте бала шағаны киіндірдік, ішкіздік, жегіздікпен шектеледі екенбіз. Баланың ішкі дүниесіне мән беру, құлақ асу ата-ананың ең үлкен міндеті. «Бала болашағымыз» дейміз. Бірақ көбінесе бұл құрғақ сөз күйінде қалып кетеді», дейді Нұркен Асанов.

Заман озып, мұхиттардың түбін шарлап, ғарышқа сапар шексек те, ұлағатты ұрпақ өсіру бар дәуірдің басты міндеті екенін ұмытпайық. «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар бірлестігінің миссиясы – саналы ата-ананың құшағында сапалы ұрпақ тәрбиелеу.

Другие новости

Back to top button