Главное

«Мені күтіп жатқан ғой»: Айнұр Тұрсынбаева RaiM мен Еркенің баласына кіндік шеше болды

Ақын Айнұр Тұрсынбаева әнші RaiM мен Ерке Есмаханның үшінші ұлына кіндін ана болды. Ол туралы Тұрсынбаева әлеуметтік желісінде жазып, бүлдіршінге өлең арнаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Айнұр Тұрсынбаева қазір шет елде өмір сүреді. Ол күні кеше Сәкен Майғазиевтің тойына қонаққа келіп, кіндік ана атанған.

«Менің кіндік баламның тұп-тура мен Алматыға келген күні дүниеге келгенін айтсаңыздаршы. Мені күтіп жатқан ғой», — деп жазды ақын.

«Әкесі дүлдүл, анасы бұлбұл»

Ақын сондай-ақ балаға арнап өлең шығарған. Баланың аты – Батыр.

«Әкесі дүлдүл,
анасы бұлбұл!
Кіндік шешесі ақын,
Өзі Батыр!
Қазаққа жақын
Ұл туып жатыр…», — деп жазды ақын.

Айта кетейік, бүгін Райымбек Бақтыгерей үшінші баласының туғанын жазып, сүйінші сұраған.

Другие новости

Back to top button