Выбор редакцииКультура

«Менен үлгі алмаңдар!» Құралай ханым өзінің бөспе екенін мойындады

Аты әйгілі психолог Құралай ханым өзінің тайып кететінін айтып ағынан жарылды. Ол кіші қажылықта парызын өтеп жүр, деп хабарлайды, Экспресс К.

Өзінің Instagram-дағы парақшасында Құралай ханым оқырмандарына үндеу тастады. Онда ол өзін үлгі тұтпауға шақырған.

«Үлгі алатын адам емеспін, бүгін былай айтсам, ертең басқа нәрсе жасап кетуім мүмкін! Шайып кетем, сайып кетем, тайып кетем, бөсіп кетем… Өйткені пендемін! Тек адамзаттың асыл тәжі сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) — ғана үлгі қылайық. Осы күнге дейін сіздердің біреулеріңізге — ісіммен, сөзіммен қандай да бір зияным тисе кешірім сұраймын», — деп жазды Құралай ханым.

Құралай ханым

Ал желі қолданушылары психологтың бұл жазбасына қатысты түрлі пікір жазып жатыр.

 

«Қалай үлгі тұтарлық емеспін дейсіз?! Көп балалы анасыз. Қажылыққа екінің бірі бара бермейді», «Ниетіңіз қабыл болсын! Өз басым сізді үлгі тұтамын. Бақытты болыңыздар!», «Құралай тілеген тілегің қабыл болсын! Алла әр мұсылманға мінажат етуді нәсіп етсін», «Жаным, құлшылығың қабыл болсын!», — деп жазды желі қолданушылары.

Экспресс К бұған дейін Айгүл Елшібаеваның Құралай ханымды залым адам деп сөккенін жазған болатын.

 

Другие новости

Back to top button