Госорганы

Мемлекеттік күзет қызметін террористік актілерге осал нысандар қатарына қоспақ

Мемлекеттік күзет қызметін террористік актілерге осал нысандар қатарына қосу жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Енді осы нысанды да ерекше күзету қажет болады.

«Күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдар тұратын ғимараттар, құрылыстар, мемлекеттік күзет қызметі қорғайтын басқа да нысандар, сондай-ақ оған іргелес аумақ пен акватория», — делінген үкімет қаулысының редакциясында.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті түзетулер ескірген стандарттарды жойып, оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіреді деп түсіндірді.

Терроризмге осал объектілерге ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, адамдар көп жиналатын объектілер, терроризмге қарсы қорғанысты міндетті түрде ұйымдастыруды талап ететін күзетілетін объектілер жатады.

Другие новости

Back to top button