Госорганы

«Мемлекет тек АИ-92 бензинінің құнын реттейді»: Энергетика министрлігі елдегі жанармай бағасына қатысты пікір білдірді

Энергетика министрлігі Қостанайда жанармай бағасының күрт қымбаттауына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Қостанай тұрғындары әлеуметтік желіде бензин бағасының күрт қымбаттап кеткенін жазып, шағымдарын жеткізген болатын.

«Не деген сұмдық, бір аптадан астам уақыт бойы 95 бензин бағасы 287 теңге!!! Ешкім ештеңе айтпайды, бағаны ұстап отыр, төмендететін түрлері жоқ».

«Этаолон” жанармай құю стансасы. Аи 95 құны – 250 теңге… Біздің билік қайда қарап отыр??? Бағаның көтерілетіні туралы еш жерде айтылмаған, бензинді неге қымбаттатып жіберді?», — деп шағымданды жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде.

Энергетика министрлігі мемлекеттік реттеу тек АИ-92 бензиніне қатысты екенін мәлімдеді.

“АИ-95-ке қатысты мемлекеттік реттеу қолданылмайды, сондықтан баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде анықталады. Бұл ретте елдегі АИ-95 жиынтық қорлары (мұнай базалары мен МӨЗ-де, жолда және импортта) жеткілікті және 57 мың тоннаны құрайды, бұл елдің 21 күндік қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қорлар ресурс ұстаушылардың өтінімдеріне және өндіріс көлеміне байланысты толтырылады”, — деп хабарлады энергетика министрлігі.

 

Другие новости

Back to top button