Госорганы

Мемлекет мешіт салу үшін өткізілетін қайырымдылық іс-шараларды қадағалай ма

Мешіт салу үшін өткізілетін қайырымдылық іс-шараларын бақылау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзіретіне кірмейді. Бұл туралы аталған ведомстводан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға және «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, қайырымдылықпен айналысатын қайырымдылық субъектілері ісіне мемлекеттің, ал мемлекет ісіне қайырымдылық субъектілерінің заңсыз араласуына, оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейтіндігі көрсетілген. Осыған орай, мешіттер салу бойынша қайырымдылық іс-шараларын бақылау министрліктің құзыретіне кірмейді. Сонымен қатар, Заңның 10-бабына сәйкес, діни бірлестіктер қайырымдылықты жүзеге асыруға және қайырымдылық ұйымдарын ашуға құқылы», — деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар ведомство ел аумағындағы барлық мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы – Республикалық ислами діни бірлестігінің меншігінде екендігін және оның филиалы ретінде әділет органдарында тіркелгенін атап өтеді.

 

Другие новости

Back to top button