Госорганы
Мемлекет басшысы бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады
Сондай-ақ Ақорда Президенттің алдағы күндердегі жоспарын жариялады

Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы әлеуметтік нысандарды аралап көреді.
Бұдан бөлек, Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.