Выбор редакцииКультура

Мейрамбек Ақбота Керімбекованың кешінде сахнаға шықпай, әншіні ұятқа қалдырды

Күні кеше әнші Ақбота Керімбекова Алматының Республика сарайында жеке ән кешін өткізді. Аталған концертте ол Бесбаевпен дуэт орындауы тиіс еді. Бірақ Мейрамбек сол сәтте сахнаға шықпай, Ақботаны бүкіл халықтың алдында ұятқа қалдырған, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Ақбота бұл кешіне бірнеше ай бұрын қызу дайындыққа кіріскен еді. Алдын-ала Мейрамбекпен дуэт жазып, тіпті бірге түскен суреттің афишасын да әлеуметтік желіге жариялағанын тыңдарман жақсы біледі. Бірақ концерттің уақыты жақындағанда Бесбаев хат-хабарсыз кеткен.

Бүгін Мейрамбектің не үшін келмегенін білмедім. Мысалы, Роза Рымбаеваның өзі келгенде, Мейрамбектің не үшін келмей қалғаны маған әлі белгісіз. Әнді жазып, би қойылымын дайындап қойдық. Кештің соңына дейін келіп қалады-ау деген үміт болды. Күттім,

— дейді Ақбота.

Көптен күткен жеке кешінде дәл осындай жағдайға тап болған Керімбекова зәулім сарайға лық толы тыңдарманның алдында қатты ыңғайсызданғанын айтты.

Халықтың алдында ыңғайсыз жағдай болып қалды. «Мейрамбекпен дуэт жазды, неге келмеді?» деген сындар естімейді емес, естиміз ғой. Мейрамбектің не үшін былай істегенін ертең білетін шығармыз. Ең бастысы аман болсын,

деді Керімбекова.

Ақбота бұл концертін 4 жыл бұрын жоспарлаған. Әлемді әбігерге салған пандемияның кесірінен кешті кейінгі қалдырыпты. Әншінің айтуынша, бүгінде ауқымды аудиторияның алдында ән кешін өткізу оңай емес, қып-қызыл шығын. Сахнаны сәндеу, әндерді өңдеу, лэд экран, бишілер тобы, режиссердің қаламақысы, Республика сарайына төленетін қомақты қаржы тағы бар.

Әрине, қиыншылығы болады. Қаржы жағы болсын, халықтың жағдайын да ойлаймыз. Қазір қымбатшылық заманда, қымбатшылық кезеңде концерт өткізу оңай емес, шыны керек,

— деді әнші.

Ал бүкіл халықтың алдында Ақботаны тығырыққа тіреп, концертке келмей қалған Мейрамбек Бесбаевтың не үшін мұндай қадамға барғаны Экспресс К назарында болады.

Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін Ақбота Керімбекованың қазіргі әншілерді 80 пайызы оқымаған, сауатсыз деп атағаны жайлы жазған еді.

Другие новости

Back to top button