Культура

«Мазаламаңыздар, өтініш»: Алтынай Жорабаева оқырмандарына ренішін жеткізді

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, “Құрмет” орденінің иегері Алтынай Жорабаева жаңа жылдың алғашқы айында бесінші сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Әнші болашақ сәбиінің жынысын әлі күнге дейін жариялаған жоқ.

“Менде жүріс осылай. Өтініш, “қашан туасың?”, “Ұл ма, қыз ба?” деген сұрақтармен мазаламаңыздаршы. Алланың бұйыртқан күні бөпе келеді”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі тыңдармандарын жаңа жылмен құттықтады.

Баршаңызды келе жатқан жаңа 2024-ші жылмен құттықтаймыз!
Жаңа жыл құтымен, берекесімен келсін! Әр шаңыраққа Алла бақ, береке, иман байлығын, денсаулықтың байлығын, дүниенің байлығын берсін! Біздің жанұямыздың атынан жылы лебіз бен ыстық сәлемді қабыл алыңыздар! Алла қаласа 2024 жылы отбасымызға Әлішерұлы немесе Әлішерқызы қосылады.
Дені сау, ғұмыры ұзақ болатын бөпе келсін ең бастысы!”, – дейді өнер иесі.

Әншінің оқырмандары аман-есен босанып алуын тілеп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

 

Другие новости

Back to top button