Главное
Маусымда Парламенттен жаңа салық кодексімен шығамыз деген үміттемін – Жұманғарин
Үкімет 2025 жылдың ақпанында Сенатта бюджет кодексін қорғайды. Ал маусым айының соңында Парламенттен жаңа салық кодексін алып шығу жоспарда бар. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«6 ақпан күні Сенатта бюджет кодексін қорғаймыз. Ал маусым айының соңында парламенттен жаңа салық кодексімен шығамыз деген үміттемін», — деді Жұманғарин.