Госорганы

Мәулен Әшімбаев батыс мемлекеттерінің Ресейге қатысты санкциясы жөнінде пікір білдірді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев батыс мемлекеттерінің Ресейге қатысты санкциясы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Батыс мемлекеттерінің санцияларын бұзбаймыз. Еліміздің территориясы, компаниялары санкцияны бұзу үшін пайдалануға ешқандай мүмкіндік берілмейді. Бұл — Қазақстанның нақты ұстанымы», — деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда еліміздің позициясын Мемлекет басшысы да, ҚР Сыртқы істер министрлігі де бірнеше рет жариялағанын еске салды.

«Бұл ұстаным аясында ары қарай жұмыс істейміз. Ең бастысы, біз сыртқы саясатымызда ұлттық мүддемізге бағытталған қадамдар жасаймыз. Еліміздің ұлттық мүддесіне қатысты маңызды мәселелерді ескеріп, тиісті бастамаларды көтереміз және осыған сай саясат жүргіземіз», — деді Сенат төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл сәуір айында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова еліміздегі екінші деңгейлі банктер Ресейге қатысты санкция талаптарын орындау бағытында тиісті рәсімдерді күшейткенін айтты.

Сонымен қатар, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік жасамайтынын жариялады.

Другие новости

Back to top button