Выбор редакцииКультура

«Мақтаншақ». Төреғалидың қарындасы қымбат пәтеріндегі жатын бөлмесін көрсетті

Әнші Төреғали Төреәлінің таяуда ғана тұрмысқа шыққан қарындасы Дина су жаңа пәтерін көрсетті. Бірнеше бөлмеден тұратын баспана қымбат жиһаздарға толы, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Қызылордалық жігітке тұрмысқа шығып, тойы дүркіреп өткен Дина Төреәлі мен оның күйеуі Ернар жаңа пәтерге көшті. Қымбат жиһаздармен жабдықталған баспананы екі жасқа ата-аналары тарту еткен. Дина әлеуметтік желі арқылы оқырмандарына жаңа пәтердің ішін көрсетті. Ғажап үйде балалар, жатын және демалыс бөлмелері бар.

 

Келіндік өмірі жайлы үнемі оқырмандарына айтып отыратын Динаның бұл видеосына желі қолданушылары түрлі пікір жазған. Бірі екі жасқа бақыт тілесе, енді бірі жаңа түскен келіннің мақтаншақтығын бетіне басқан.

 

«Мақтаншақтық есті адамның ісі емес. Жастарға бағыт көрсетіп, дұрыс нәрсе түсір», «Сенің өмірің бізді қызықтырмайды. Елдің мазағына айналмай, жоғалыңдаршы», «Мақтаншақтар», «Таза еңбекпен тапқан ақша қазір нан мен майға ғана жетеді. Бір жылы орын тауып алып, ақша жеп отырған олигархтың баласы ғой», «Күйеуге шыққан жалғыз сен емес, басқа бір әлемде жүрген сияқтысың ба? Жаңа түскен келінді бас-аяғын тыйып үйде ұстайтын еді. Не болса да бақытты болсын», — деп жазды желі қолданушылары.

 

Другие новости

Back to top button