Выбор редакцииМангистауская область

Маңғыстаудағы Қаракөлден жүздеген аққудың өлексесі табылды

Маңғыстаудағы Қаракөлден жүздеген аққудың өлексесі табылды

Батысқазақстандық блогер Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде жүздеген аққудың өлексесі жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында өзі түсірген видеоны бөлісті. Бейнежазбадан Қаракөл көлінің жағалау маңында жүздеген құстың өлексесі шашылып жатқанын және ең таңқаларлығы, көлді мекендейтін басқа құстардың өлексесі байқалмағанын айтады.

«Аққу – өмірінде бір-ақ рет жұп құратын құс, егер сыңарынан айырылып қалса, жалғыз аққу сағыныштан құса болып өледі деп жатады. Егер осы қисынға салсақ, биылғы қыста Маңғыстау өңірінде жүздеген аққу құса болып өлген бе дерсіз. Ал шындығына келсек, бұл ауқымды мәселе алаңдатпай қоймайды. Жүздеген құстың өлексесі Қаракөл көлінің бүкіл жағалауында шашылып жатыр, ең таңқаларлығы, бұл көлді саны жағынан аққудан да көп мекендейтін өзге құстардың өлексесін таппадым. Мына жағдайды табиғи сұрыпталуға жатқызуға да келмейді», — деп жазады блогер.

Другие новости

Back to top button