Мангистауская область
Маңғыстауда 13 әкенің қарызы 73 млн теңгеге жеткен – прокуратура
Маңғыстауда алимент бойынша 13 борышкер ортақ сомасы 73,3 млн теңге болатын кірістелген қаражатты жасырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атап айтқанда, алимент бойынша борышкер «А» 2023-2024 ж.ж. букмекерлік кеңсенің өзінің жеке шотына бәс тігу үшін 45,7 млн теңге салған. Атқарушылық құжат бойынша 2,5 млн теңге берешегі бола тұра, сырт көзге өз міндетін орындап жатқанын көрсету мақсатында борышкер «А» 85 мың теңге жалақыға жұмысқа формальді орналасқан. Аталған факт бойынша прокуратурамен ҚР ҚК-нің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) тергеп-тексеру басталды», — делінген ақпаратта.
Жыл басынан прокурорлардың бастамасымен 21 борышкерге қатысты тергеп-тексеру басталды, 13 іс бойынша сот үкімі шықты, қалғандары тергелуде.