Социум

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Келесі айда ел тұрғындары үш бірдей мемлекеттік мерекені атап өтеді

Мамырда елімізде үш мереке аталып өтетіндіктен, қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Келесі айда ел тұрғындары үш бірдей мемлекеттік мерекені: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнін тойлайды.

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады: 29, 30 сәуір және 1 мамыр. Ал жұмыс аптасы 6 күнге созылатындар екі күн: 30 сәуір мен 1 мамырда демалады.
  • Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде 5 күндік жұмыс аптасы үшін тұрғындар 4 күн қатарынан: 6, 7, 8, 9 мамыр күндерінде демалады. Ал 6 күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 3 күн қатарынан: 7, 8 және 9 мамырда демалады.

Осылайша, алдағы айда ел тұрғындары барлығы 11 күн демалады.

Другие новости

Back to top button