Культура

«Маматай деп еркелеймін»: Ерке Есмахан енесін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Көпшілік әнші Ерке Есмахан мен енесінің ара қатынасы жайлы білгісі келеді. Өнер иесі енесі туралы жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманнан келген сауалдарға жауап берді. Желі қолданушысы: “Енеңізбен қарым-қатынасыңыз қалай?” деп сұрақ қойды.

“Маматай деп еркелеймін, еркелетемін. Мамамнан үйренерім көп. Алтын адам. Барған жерім, Аллаға шүкір, текті”, – деп жазды Ерке Есмахан.

“Тіпті Байзақованың аяғы ауыр. Ал сен әлі жүрсің” деген оқырман сауалы да жауапсыз қалмады.

“Неге сен солай айтасың? Айжанға шын жүрегіммен бақыт тілеймін. Аман-есен босынап алсын. Мен енді Алла бұйырғанын көрермін. Жақсы тілектеріңізге рахмет”, – дейді өнер иесі.

Бұған дейін Ерке Есмахан күйеуі Райыммен жас айырмашылығын сөз қылатындарға жауап берген болатын. Биыл ақпан айында қазақтың салт-дәстүрімен сырғалым атанған Ерке Есмахан ата-енесінің суретін жариялады.

Другие новости

Back to top button