Главное

Макрон ұшақтан түсе бергенде әйелінің оны бет-аузынан ұрғаны видеоға түсіп қалған

Франция президенті Эммануэль Макрон Вьетнамға келген сапарында тікұшақтан түспей жатып соққы алды. Оның әйелі Брижит Макрон президенттің бет-аузынан ұрғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

25 мамырда Франция делегациясын Вьетнам президенті әкімшілігінің басшысы Ле Кхань Хай, Ханой халық комитетінің төрағасы Чан Ши Тхань, Вьетнам сыртқы істер министрінің орынбасары Ле Тхи Тху Ханг және Вьетнамның Франциядағы елшісі Динь Тоан Тханг қарсы алды.

Президент Эммануэль Макронның делегация құрамында Францияның экономика, қаржы, өнеркәсіп және цифрлық егемендік министрі Эрик Ломбард, қарулы күштер министрі Себастьен Лекорну, мәдениет министрі Рашида Дати, ішкі істер министрі Франсуа-Ноэль Буффе, Еуропа және сыртқы істер министріне қарасты франкофония және халықаралық серіктестік мәселелері жөніндегі делегат-министр Тани Мохаммед Соилихи және Францияның Вьетнамдағы елшісі Оливье Броше бар.

 

Другие новости

Back to top button