Выбор редакции

Ләйлә Сұлтанқызының марқұм күйеуінің бірінші әйелі жылы жазба жариялады

Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы, белгілі кәсіпкер Қайрат Беркінбаев кеше бақилық болған еді. Қайғылы қазадан кейін марқұмның бірінші әйелі әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуіне арнап жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайрат Беркінбаевтың экс-жұбайы Меруерт Беркінбаева әлеуметтік желіде белсенді. Instagram-да 28 мыңнан астам оқырманы бар әйел өмірінің бақытты сәттерін жеке парақшасына жүктеп отырады. Бұл жолы ол балаларының әкесін еске алып, өлең жолдарын жазыпты.

«Қиналып арқа сүйерім,
Жердегі мықты тірегім.
Кеткенің бе, жаным,
Сенсіз қалай жүремін?
Асылдардың бірі едің,
Көзімнің аппақ нұры едің.
Iздемей сені, асылым,
Шыдар ма екен жүрегім?
Сене алар емеспiн…
Мәңгілік жүрегімдесің»,
— деп жазды Меруерт Беркінбаева.

Танымал кәсіпкердің бұрынғы әйелі жариялаған бұл постқа желідегі жұрт көңіл айтып, қайғысына ортақ екенін жазып жатыр.

Айта кетейік, 57 жастағы Қайрат Беркінбаев Президент Іс Басқармасының медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті болып қызмет атқарған. Марқұм III дәрежелі «Барыс» мемлекеттік орденінің иегері.

Другие новости

Back to top button