Выбор редакцииКарагандинская область

«Күштеп ұстап отыр»: Жұмыс іздеп, Дубайға кеткен қазақстандықтар із-түзсіз жоғалып кетті

Жұмыс іздеп, Дубайға кеткен Исламбек Қазыбеков пен Жарас Сейіткәрімнен жақындары екі аптадан бері хабар ала алмай отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

 

Отандастарымыз жаңа жылдың алдында белгісіз адамдардың айтуымен, Тайландқа ауысқанын айтқан. Кейіннен Таиланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін «Золотой треугольник» деген жерде алданып қалғандарын жеткізген. Содан бері хабар ошар жоқ. Ата-аналары жанын шүберекке түйіп отыр.

Исламбек Қазыбеков -Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының тумасы. Шығыстанушы мамандығын бітіре сала, шет елдерді аралап, көп тіл білуге құлшынды. Былтыр 8 қыркүйекте 25 жастағы жігіт Дубайға демалуға кетіп, артынша сонда Қытайлық компанияға жұмысқа орналасып, тұрақтап қалған. Отбасына апта сайын хабар жеткізетін ол соңғы рет қызы мен достарына 27-нші желтоқсанда хабарласып, түсініксіз жәйттарды ескертіп үлгеріпті.

“Соны жіберген кезде мен геолокацияны көріп қойдым. Сосын соның расшифровкасын аштырдым. Сонда остров Мьянма деп тұрды. Мен содан күдіктендім. Ол даже Тайландқа кеткен күнде де остров Мьянмада не істеп жүр? Неге өшіп қалады? Негізі тірі деп ойлаймын. Бұларға компания ақша төлемей қалды ма деп тұрмын. Оларды қамап, ұстап отыр күштеп немесе желі, интернет жоқ жерге апарған”, – дейді И.Қазыбековтың анасы Мереке Қазыбекова.

Исламбекпен Тайландтың астанасына 23 жастағы Жарас Сейіткәрім жеткен. Ол да қыркүйекте Дубайға нәпақа табу мақсатында кеткен.

“Біз Дубайда екен деп ойлап жүрдік. Ақша салмады, жұмыс болмай жатыр деп. 28-інші желтоқсан күні сағат 4-терде сөйлестім. Бәрі жақсы, папа, билет алып қайтамын деді 1-2 күнде. Аэропортқа барғанда ақша салып жібересіздер деді. Жарайды дедім содан байланыс болмады. Местоположениесін жіберген онда бір арал екен. Оны білмейміз. Енді баламды тауып берсін”,  – дейді Ж.Сейіткәрімнің әкесі Талғатбек Шәріпов.

“Менің баламның Исламбек видеосын салып үлгерген. Біз Бангкоктан өтіп бара жатырмыз. Бірақ бұл жер маған ұнап тұрған жоқ. Өйткені біздің айлығымызды бермей жатыр. Бізді алдап алып келді. Ең соңғы хабарласқанда балалардың паспортын алып қойған. Мен күндіз де түнде де ұйықтаған жоқпын. Өйткені бұған біреулердің қатысы бар деп ойлаймын”, –дейді Ж.Сейіткәрімнің анасы Роза Әділбекова.

Исламбек пен Жарастың ата-анасы құзырлы органдарға, оның ішінде еліміздің Сыртқы және Ішкі Істер министрлігіне балаларының жоғалғаны жөнінде өтініш жазған. Оларға көмектесіміз депті. Біз бұл жағдайды назарда ұстаймыз.

Другие новости

Back to top button