Выбор редакцииСоциум

Күнде төрт жарқыл пайда болды – Қуатты геомагниттік дауыл кезінде не істеу керек

23 сәуірден 24 сәуірге қараған түні аспан әлемінде сирек құбылыс тіркелген. Күннің Жерге қараған жағында бір уақытта төрт жарқыл пайда болды. Осыған байланысты ғалымдар 27 сәуірге дейін Жерде геомагнитті дауыл жүретінін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengri Life сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігер Павлованың айтуынша, магниттік дауыл адам ағзасына кері әсер етеді. Адам әлсіреп қалады. Магниттік дауыл кезінде адамдарды созылмалы аурулары мазалап, жиі бас ауыруы да  мүмкін.

“Бір қызығы, магниттік дауылдар адам денсаулығына әсер етпейді деп есептейтін ғалымдар да бар. Бірақ өріс тербелістері тіпті нәзік құрылғылардың жұмысына әсер ететінін ешкім жоққа шығармайды. Ал адам кез келген құрылғыға қарағанда әлдеқайда күрделі жаратылыс. Сондықтан магниттік дауыл кезінде біздің бас ауырып, қан қысымымыз көтеріледі. Ашушаң боламыз, созылмалы ауруларымыз мазалайды”, – дейді дәрігер.

Магниттік дауыл кезде не істеу керек?

  • Дәрігер жазып берген дәрі-дәрмекті үзбей, тұрақты түрде қабылдаңыз. Көп науқас өзіне жақсы сезінгенде дәрі ішуді тоқтатады. Бірақ бұл алдамшы сезім. Созылмалы ауруларды тұрақты түрде ем қабылдау арқылы ғана бақылауда ұстауға болады;
  • Магниттік дауыл кезінде ауырсынуларды жеңілдететін дәрілеріңізді өзіңізден бірге алып жүріңіз. Атап айтқанда , бас ауруын басатын, қан қысым мен жүрек соғысын реттейтін дәрілер.
  • Мұндай кездері тыныштандыратын дәрілер мен шөптен жасалған шайлар жақсы көмектеседі;
  • Магниттік дауыл кезінде асқазан-ішек жолдарының аурулары асқынады. Сол себепті майлы, қуырылған, тұзды тамақтарды жемей, тоқтата тұрғаныңыз абзал;
  • Көбіне ароматерапия (лаванда, раушан, лимон, жалбыз), денені босаңсытатын массаж, йога мен медитация жақсы көмектеседі.
  • Сондықтан дәрігер магниттік дауыл кезінде денеге күш салмауға кеңес береді. Сондай-ақ бұл күндері артық тамақтанудан және ауыр тағамдардан сақтанғаныңыз жөн. Керісінше, көкөніс пен жеміс-жидектерді көп жеуге тырысыңыз. Ғалымдар әсіресе, құрамында калий, магний бар тағамдарды тұтынуға кеңес береді.

Магниттік дауыл кезінде мына кеңеске құлақ түріңіз: 

  • Ұйқыға ертерек жатуға тырысыңыз;
  • Пәтеріңізде, жұмыс орныңызда ауаны тазартып, жиі желдетіп отырыңыз,
  • Көп су ішкеніңіз абзал.

Другие новости

Back to top button