Костанайская область

«Күнәлары үшін жауап береді»: Қостанайда 10 жастағы оқушы мектепте атыс болатынын хабарлаған

Қостанайдың полиция департаменті әлеуметтік желілерде көрінеу жалған хабарлама тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Telegram-арнасы арқылы тараған хабарламада белгісіз біреу №3 гимназия бірінші болып «күнәлары үшін жауап береді», 15 ақпанда балалар мектепте оққа ұшады деп жазған. Одан кейін басқа мектептерде де атыс болып, «Қостанайдың тозақта жанатыны» айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

 

Полиция департаменті жалған хабарлама авторын анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізіп, терактіге қатысты жазба авторын анықтады. Хабарламаны таратқан он жастағы оқушы екені белгілі болды.

«Жасөспірім әлеуметтік желіде терроризм тақырыбына арналған жазбаны көріп, мәтінді көшіріп, суретін өңдеп, оны мессенджер арқылы сыныптастарына жіберген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жас құқық бұзушының ата-анасы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», — делінген хабарламада.


Полиция терроризм туралы көрінеу жалған хабарламалар мен жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Айта кетейік, бұған дейін Белгісіз біреулер қарағандылық оқушыларды атып өлтіретінін хабарлағаны туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button