Госорганы

«Күлімдеп қарағанның бәрі жазалана ма?»: сенат депутаты харассмент туралы ойын айтты (ВИДЕО)

Қоғамдағы харассмент мәселесі заңға норма болып енсе, оны жазалауда жан-жақты тергеу және ұқып керек. Бұл туралы сенат депутаты Әлішер Сатвалдиев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

«Менің жеке пікірім, ойым, тұжырырым — қазақы ортадағы тәрбиеміздің арқасында бұндайға бармауымыз керек. Бұл жерде басты мәселе – адамның тәрбиесі мен ішгі жігері. ішіндегі стержен тәрбие бболу куерек. Отбасыда жас кезімізден сол нәрсені бойымызға сіңіру керек. Әрине, батыстық өркениет пен ғаламданудың біл белгісі ретіннде оны заңға енгізу мәселесі керек. Бірақ оны асыра сілтеудің қажеті жоқ деп ойлаймын», — деді ол журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

«Егер харассментке қарсы норма күшіне еніп жатса, күлімдеп қараған кез келген адам жазаланып кетуі мүмкін деп ойлайсыз ба?» деген сұраққа депутат бұл мәселеде ұқыпты болу керек деген пайымын жеткізді.

«Бұл мәселеде ұқыпты болу керек. Біреуді қаралағаннан кейін жала жабу болуы мүмкін. Бұның бәрін құқық қорғау орагндары дәлел арқылы дәлелдеу керек», — деді ол.

Другие новости

Back to top button