ГлавноеСоциум

«Күйеуіңіз көп ақша тапсын десеңіз, іш киімін иіскеңіз»: танымал бақсы баюдың жолын айтты

Желіде өзін бақсы, жұлдыздарға, шенеуніктерге кеңес беруші ретінде таныстырған Руслан есімді емші табыс табу туралы пікір айтамын деп жұрттың ашуын тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол ер адамның табыс мол табыс табуы үшін әйелі оның іш киімін иіскеп тұру керек екенін айтты.

«Егер күйеуіңіз көп ақша тапсын десеңіз, оның іш киімін жумас бұрын жақсылап тұрып иіскеп алыңыз. Өзіңіздің энергияңызды беріңіз. Содан кейін жуып, үтіктеңіз. Сіздің күйеуіңіз өте көп ақша табатын болады. Сол кезде иерархия сақталады», — дейді бақсы.

Видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Күйеуі жоқтар не істеуі керек?», «Ертерек неге айтпадыңыз?», «Ақшасыз жүргенім жақсырақ», «Байларымыз көрмесін, күлкіден өліп жатырмын», «Енді қалмағаны сол еді», — деп жазды желі қолданушылары.

Другие новости

Back to top button