Нур-Султан

Күйеуі лифтте соққыға жыққан: Елордалық әйелдің жағдайы белгілі болды

Астанада күйеуі лифтте қатты соққыға жыққан Аружан Байметованың әкесі қызының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 2022 жылдың наурыз айында елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде болған. Ер адам әйелінің пальтосының жағасынан ұстап, тепкілеп, оның ішінен, кеуде тұсынан ұра бастаған. Аяусыз ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалған.

7 айдан кейін соттың алғашқы отырысына қыздың әкесі келді. Оның айтуынша, Аружан психологиялық және физикалық денсаулығын біртіндеп қалпына келтіре алған.

«Лифттегі оқиға болған күннің ертеңінде мен Астанаға барып, қызым мен екі немеремді Шымкентке алып кеттім. Қазір ол бізбен бірге, ата-анасының үйінде тұрады. Бірте-бірте психологиялық жай-күйі, психологиялық тепе-теңдігі жағынан өз-өзіне келді. Қазір қызым тұрмысқа шықпас бұрын қандай сүйкімді кейіпте болса, сол қалпына қайта түскенін көріп жүрмін», — дейді Әбдірбеков.

Оның айтуынша, Аружан психологпен өте ұзақ уақыт жұмыс істеген. Сонымен қатар, мамандармен жәбірленушінің кәмелетке толмаған екі баласы да жұмыс істеген.

«Балалар әкесінің анасына жасаған қатыгездігінің, отбасылық жанжалдың куәгері болды. Бұның өзіндік салдары болды. Кіші немерем әлі күнге дейін толық сауығып кеткен жоқ, екі жастан асты, бірақ әлі күнге сөйлемейді.», – дейді Аружанның әкесі.

Әбдірбековтің айтуынша, лифтте жағдайдан соң, күйеубаласының ата-анасы да, өзі де ұзақ уақыт байланысқа шықпаған.

«Бүгінгі сот отырысы соңғысы болмайды деп ойлаймын. Қылмыстық істің материалдары зерттеліп жатыр. Менің қызым тұрмыста болған жылдарында көрген зорлық-зомбылықтары туралы жаңа түсініктемелер берді. Бұл ұрыс-соғу арқылы үнемі күш көрсетілгенін дәлелдейді», — деп қосты Данияр Әбдірбеков.

Айта кетейік, Астананың Есіл аудандық сотында оқиғаға қатысты ашық тыңдау басталды.

 

Другие новости

Back to top button