Госорганы

«Кублей ісі»: Тараптар ымыраға келе алмай отыр

Еске салайық, 23 қарашада Орал қаласы мамандандырылған экономикалық соты тараптардың ымыраға келуі үшін өндірістік істі тоқтатқан болатын.

«Кублей» ЖШС соңғы сот отырысынан кейін Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен шағым түсірген.

Сотқа судья Айгүл Маштақова және «Кублей ісі» бойынша арызданушы мен жауап беруші сондай-ақ, үшінші тарап өкілдері қатысты.

Алдымен сот отырысы ашылғаннан  кейін тараптардың пікірін білу мақсатында олардың өкілдеріне сөз берілді.

«Бұл шағымды біз судьяның барлық дәлелдемелерге қарамастан, сот шешімін шығарудың орнына тараптарды ымыраға келтіру үшін өндірістік істі тоқтатып тастағаны үшін түсірдік. Бұл – заңсыз. Азаматтық іс жүргізу кодексінде пікірталастан кейін соттың шешім шығару керегі анық жазылған. Алайда, судья мұны есепке алмай, материалдарды Үкіметке қайта жолдап отыр. Мақсат – Үкіметтің ұстанымын білу шығар, бірақ мұндай норма да Азаматтық іс жүргізу кодексінде жоқ», – деп түсіндірді Бақытжан Базарбек.

«Кублей» тарапының ұстанымын жауап беруші және үшінші тараптар да қолдап, судья Жорабаевтың өндірістік істі тоқтату жөніндегі шешімін жоққа шығарып, сот ісін қайта жалғастырып, сот шешімін шығаруды талап етті.
Тараптардың пікірімен танысып шығып, судья Айгүл Маштақова өз шешімін жария етті. Оның айтуынша, судья Жорабаевтың әрекетінде заңсыздық деректері жоқ. Мәселені бейбіт жолмен шешуге ынталандыру мақсатында судья өндірістік істі тоқтатуға құқылы. Алайда бұл жағдайда судья өндірістік істі 10 жұмыс күніне ғана тоқтата алады.

«Бұл мерзім аяқталды. Тараптардың ымыраға келіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге қарсы екеніне менің көзім жеткендіктен, сот ісі әрі қарай жалғасатын болады», – деп қорытындылады судья Айгүл Маштақова.

Другие новости

Back to top button