Госорганы
«Куәгер ретінде жауап алынды»: Бас прокурор Самат Әбішке қатысты түсініктеме берді
Бас прокурор қылмыстық іс әлі жүріп жатқанын айтты
«Тағы да айтамын, тергеу жүріп жатыр, қылмыстық іс тоқтатылған жоқ», — деді ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.
«Самат Әбіш тек куәгер ме, әлде қорғауға құқығы бар куәгер ме?», — деген сауалға:
«Одан жай куәгер ретінде жауап алынды», — деп жауап берді Б. Асылов.
Айта кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын.